Акимат Западно-Казахстанской области
Управление физической культуры и спорта Западно-Казахстанской области 
Областная специализированная школа-интернат для одарённых в спорте детей
Жеңіске бірге!

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернат Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҚАЗ     РУС

Біз әлеуметтік желіде

Тәрбие жұмысы

Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының тәрбие қызметінің барысы

Мақсаты: Патриоттық сезімі қалыптасқан жан-жақты мәдениетті, талғамы биік, салауатты, құқықтық мәдениеті жоғары саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларды заң негіздерімен кеңінен таныстыру. Құқықтық жүйені оқып білуге және өмірде қолдана білуге қолайлы жағдай қалыптастыру.
  2. Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын сақтауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  3. Көркем шығарма оқуға, театрға баруға, мұражайға баруға, өнер нысандарын бағалап, сақтауға баулу. Бұл жұмысты ата-аналар комитетімен ортақтастып орындауды талап ету.
  4. Нашақорлықтың, ішімдіктің зиянды жақтарынан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
  5. Оқушының бойындағы көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын дамытуға жағдай туғызу.
  6. Өзін- өзі әлеуметтендіруге тәрбиелеу және оқушыға әлеуметтік көмек көрсету.
  7. Ата - ананың бала тәрбиесіндегі құзіреттілігін көтеру;
  8. Еңбек тәрбиесінің деңгейін көтеру.

Негізгі бағыттары:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Отбасытәрбиесі
  4. Ұлттық тәрбие
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық мәдениет
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбие жұмысын іске асыру шарттары:

  1. Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселесі бойынша мектепішілік ақпарат құралдарын, баспасөз қызметін ұйымдастыру:озық тәжірибелерді, оқушылардың жетістіктерін, салауатты өмір салтын насихаттау
  2. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар, құралдар, дайындау

Нормативтік құқықтық негіздері:

- ҚР Конституциясы
- ҚР «Білім туралы» Заңы
- ҚР «Неке туралы» Кодексі
- «Баланың құқықтары туралы» Заңы
- ҚР «Діни қызмет және дін бірлестіктері туралы» Заңы
- ҚР Перзидентінің Жолдауы «Қазақстан жолы 2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» /
- ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққақарсы стратегиясы/2014 ж №986/
- ҚР Перзидентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы /
- ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасы
- Барлықбілім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 ж.
- «Қазақстан -2020: болашаққа жол» ҚР Жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы /2013 ж. №191/
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2015ж. №227 Бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»
- ҚР үздіксіз білім беружүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы /2009 ж. №521/
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының, факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2013ж №115 Бұйрығы

Күтілетін нәтиже:

- оқушылардың жалпыадамзаттық, құқықтық, экологиялық мәдениетінің жоғары болуы
- рухани бай, моральдік ұстанымы жоғары тұлға дайындалады
- салауатты өмір салты өмірлік ұстанымы болады
- сауатты, кәсіби қалыптасқан тұлға дайындалады
- ата-аналардың педагогикалық-психологиялық құзіреттілігі арттырылады
- әдістемелік жұмыстың нәтижесі артады
- оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының жұмысы жаңартылады

«Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты» КММ 2016-2017 оқу жылында аталып өткізілетін дәстүрлі шаралар мен атаулы күндер



Жұмыстың мазмұны


Жұмыс түрі


Мерзімі


Жауаптылары

1

Білім күні

 Салтанатты жиын

Қыркүйек

ТІЖО, педагог-ұйымдастырушы

2

Күзі бал

Бал

Қазан

 Педагог-ұйымдастырушы

3

Ұстаздар күніне оқушылардың өзін өзі басқару күні

Концерт

қазан

Оқушылар активі

4

Тілдер күні мерекесі

Апталық

Қыркүйек

ӘБ жетекшілері

5

Тәуелсіздік күні

Айлық

Желтоқсан

ТІЖО, педагог-ұйымдастырушы

6

Жаңа жылдық шырша

Көгілдір кеш

Желтоқсан

Педагог-ұйымдастырушы, оқушылар активі

7

Шақырады алтын ұя – мектебім!

Кездесу

Акпан

11 сынып жетекшілері

8

Ауған асуларынан өткендер

Кездесу

Ақпан

АӘДӘ, педагог-ұйымдастырушы

9

Аналарға мың алғыс!

Концерт

Наурыз

Педагог-ұйымдастырушы, оқушылар активі

10

Қош келдің, әз Наурыз!

Айлық

Наурыз

Сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі

11

Достық фестивалі

Фестиваль

Мамыр

ТІЖО, педагог-ұйымдастырушы

12

Әскери шеру

Шеру

Мамыр

АӘДӘ, дене шынықтыру пәні мұғалімдері

13

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Салтанатты жиын

Мамыр

ТІЖО, педагог-ұйымдастырушы

14

Балаларды қорғау күні

Концерт

Маусым

Педагог-ұйымдастырушы

Жоспарға сәйкес және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағыттарына сәйкес өткізілетін іс-шаралардан бөлек КЖТИмен, дарынды балалармен, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының, ата-аналармен жұмыс, сынып жетекшілерімен ӘБ, әлеуметтік педагогтың, кітапхананың, педагог-ұйымдастырушылардың, психолог-педагогтардың жұмыстарының жоспарлары құрылып бекітілді.

Оқу жылы 1 қыркүйек Білім күнімен басталды. Салтанатты линейкаға барлық сынып жетекшілеріне оқушылардыңқолында шарлар болу тапсырылды. Алайда жауакершілікпен тек қана 8-9 сынып сынып жетекшілері тапсырманы орындады. Білім күнінің алғашқы сабағы Білім және ғылым миистрлігінің бұйрығына сәйкес «Мен-өз елімнің патриотымын» сабақтарынан басталды. Барлық сынып жетекшілері жауапкершілілкпен дайындалып, тәрбие сағаттарының жоспарларын дайындады.

Жалпы салтанатты жиналысқа оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, бапкерлер мен ата-аналар, қонақтардан Ларионова Екатеринаның әкесі Ларионов Алексей Станиславович, ардагер ұстаз Ажгереева Тутия Ишимовна қатысты.

Салтанатты жиынға әр сыныпқа сынып номерін көрсетуші белгілер берілді.

Жиын барысында мектеп белсенділері өз өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты жиыннан соң барлық сыныптарда «Мәңгілік ел» акциясы аясында «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбында бірегей сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарына мектеп директоры Жанғалиев Қ.Б., тәрбие ісінің меңгерушісі – Машбаева А.К., ата-аналар қатысты.

11а сыныбы 9а сыныбы 8а сыныбы 8ә сыныбы

9б сынып жететкшісі Шапошникова О.В. Тәрбие ісінің меңгерушісі Машбаева А.К. Жас сынып жетекшісі Тюребаева А.Т. Ларионов А.С., ардагер ұстаз Ажгереева Т.И.

9а сыбында алғашқы сынып сағаты топтық жұмысты ұйымдастырудан басталды. Аманжолова А.М.-10 б сыныбы нда белсенділігі үшін Бородкин Денисті марапаттауда.

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы аясында 10.08.-20.09.16ж. аралығындағы іс-шаралар жоспары құрылып, келесі шаралар жүзеге асырылды. Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Шаленов Б.Б. мектеп-интернатының жаңа оқу жылына дайындығы туралы директордың жанындағы лездеме жиналысында қажетті жұмыстардың барлығы атқарылды деп баяндады. Ғимараттың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуын қадағалау шарасы бойынша әікімшілік жанындағы лездеме жиналысында медицина қызметкері – дәрігер Ажигалиева Р.С. интернат оқушыларының мектеп асханасынан тыс жерден тамақ алып келіп жейтіндігін, осы орайда интернат ішіндегі тәртіпті қадағалауды талап етті. Көшеде, үйде, жолда , бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін сақтау – сынып сағаттары барлық сыныптарда оқытылды, жалпы мектеп бойынша қауіпсіздік журналы ашылып, оқушылар танысқаны туралы қолдарын қойды.

«Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыбында - 7, 8 сыныптар мен интернат тәрбиеленушілері арасында ескертпелер таратылды.

«Қауіпсіздік шұғыласы» - 7-8 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырырылып, 1 орын - 9 «А» сыныбы Ғапурин Нұрлыбек, Қадырханов Алижан, 2 орын - 9 «Б» сыныбы, Сагутдинов Шамиль, Пархоменко Юна, 3- орын - 9 «Б» сынып Тарасов Виктор, 8 «Ә» сынып Жалғасов Бекзат жеңіп алып, балаларды құрмет қағазымен марапатталды.

Жол қозағалысына қатысушылармен флешмоб – 22 қыркүйек сағат 13.20. өткізілді. «Безопасная дорога» («Қауіпсіз жол») – жас инспекторлар байқауы 7а, 8а, 7б, 8б – біріктірілген ашық тәрбие сағаттары өте қызықты да мағыналы өтті.

Қазақстан Республикасы Тілдер күні мерекесіне орай арнайы жұмыс жоспары құрылып, 10 б сыныбында қазақ тілі пәні мұғалімі Жолтанова Ш.К. мен сынып жететкшісі Аманжолова А.М. ұйымдастыруымен жалпы мектептің өзге ұлт балалары арасында қазақша сөйлейтін балалардың қатысуымен «Я - гражданин Республики Казахстан! Я обязан знать государственный язык!» тақырыбында ток-шоу өткізілді.

7-9 сыныптар арасында «Тілім менің -тұғырым» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын орыс тілі пәні мұғалімі Косицына Н.В. мен тәрбиеші Гиматдинова Л.Т. өткізді. Байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды.

21 қыркүйек күні 9а сыныбында «Үш тілді білу-заман талабы» сайыс түрінде ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында жас ақындар Байниязов Сапар мен Алиев Өтепперген өз өлең жолдарын оқыды. С.Байниязовтың өлең жолдары қазақ тілі мұғалімі Л.Р. Демеуованың жетекшілігімен ЮНЕСКО тарапынан өткізілетін жас дарындар байқауына жіберілді.

Орыс тілі пәні мұғалімі Косицына Н.В. оқушылардың өзін өзі басқару ұйымымен біргелесе отырып Тілдер күніне арнап көрме, мектеп кітапханасы « 22-қыркүйек-Тілдер күні»  көрмесін дайындады.

22 қыркүйек күні 7-8 сыныптар оқушыларының МАИ қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Хореография жететкшісі Авдеева Ю.Б. кездесуге арнап флэшмоб ұйымдастырды.

1-қазан –қарилар күнін мерекелеуге орай 26-қыркүйек күні сағат 11.00 - де облыстық қарттар үйіне оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының атынан «Қарттарым – қазынам!» концерті ұйымдастырылып өткізілді. Барлығы мектеп-интернаттан 20оқушы қатысып, белсенділік танытты. Өткізліген шара туралы облыстық «Орал өңірі» газеті бетінде мақала жарық көрді.

1-қазан күні кәсіби мереке – Ұстаздар күніне өзін өзі басқару күні ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама «Жеңімпаз» ұйымының ұйымдастыруымен өткізлді. Өзін өзі басқару күні мектеп әкімшілігі жалпымектептік линейка, әкімшілік планеркасын, «Көңілді эстафеталар» спорттық сайысын, мұғалімдерге арналған көңілді сабақтар, әрбір сыныпта сабақ кестесіне сәйкес оқушылар сабақ жүргізді, мұғалімдер бөлмесінде тәтті шай әзірленіп, ұстаздарға арнап құттықтау газеттерін шығарып, барлық шараларды фотоға түсіру ұйымдастырылды.

Қыркүйек айы бойы атқарылған тәрбиелік шаралар мен оқушылардың спорттық жетістіктері оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының педагог-ұйымдастырушы А.А.Сисенгалиевның жетекшілігімен шығарған мектепішілік «Спортландия» газеті бетінде жарияланды.

19 қазан күні Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп - интернатынан 9-10 сыныптардан 30 оқушы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментіне кәсіби мереке құтқарушылар күніне арналған құтқару бөлімшелері техникалары мен құралдарын көрсетуді жүзеге асыратын Ашық есік күніне белсенді қатысты. Ашық есік күні барысында Төтенше жағдай департаменті мамандары табиғи және техногенді апаттар салдарынан зардап шеккен адамдарды кинолог мамандарының іздестіру шараларын тәжірибе түрінде көрсетті. Сондай-ақ _рт с-нд3ру мемлекетт3к ба0ылау бас0армасыны4 а5а лейтенанты Аоекешев Мирас Нурмухаметович су құбырлары және биіктерде адам өмірін сақтап қалу үшін кәсіби машықтарын күнделікті оқу-жаттығу шаралары барысында жетілдіретіндіктерін балаларға іс-жүзінде көрсетіп, аталған мекемедегі құтқару транспорттары түрлерімен, олардың мүмкіндіктерімен таныстырды.

ТЖ департаменті кадр жұмысының бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры Бисенова Анар Орынғалиқызы құтқарушы мамандығының өте игілікті , адам денсаулығы мен рухы мықты болуын талап ететін мамандық екенін, Көкшетау техникалық институтының мектеп түлектерін 11 сыныптан соң қабылдайтынын, жоғарыда айтылған шарттардан басқа, сабақ үлгерімінің, соның ішінде физика пәнін жетік меңгеру керектігін түсіндірді.

Қауіпсіздік сақтау ережелерін бекіту мақсатында оқшылардың арасында «Отпен ойнама!» атты сурет байқауы өткізілді.

«Алтын күз» балын интернат тәрбиешілері Нефедова Т.С. мен Бапашева Д.Т. өткізді.

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысына облыстық прокурордың көмекшісі Исмагулова Алмагүл Рамазанқызы қатысты.

Мектеп директоры Қ.Б.Жангалиев ата-аналар комитетінің төрайымы Гуманитарлық академияның жаратылыстану кафедрасынң магистрі Роза Серікқызына марапаттау қағазын табыс етіп жатыр.

Жалпымектептік ата-аналар жиналысында 15 ата-анаға бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, мектеп жұмысына белсене қатысқандары үшін құрмет қағаздары табыс етілді.

Сынып жетекшілерінінң әдістемелік бірлестігінің отырысы. «Бақытты балалалық үшін» қайырымдылық акциясымен мектеп-интернат оқушылары Балалар үйінде болды. Бұл акцияғны өткізуге мектеп ұжымы, ата-аналар ұжымы молынан атсалысты.

Спортқа дарынды балаларға
арналған мамандандырылған
облыстық мектеп-интернат

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жданов к-сі, 7/1
тел: 8 (7112) 28-48-07 - Қабылдау бөлімі
E-mail: osshiosd@mail.ru
Copyright © «СДБАМОМИ» КММ 1999-2019
Сайт жасау - студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика